Буденный жалпы білім беретін мектебі «Ұлттық диктант» іс-шарасын өткізуді хабарлайды.
2025 жылғы 21 қазан күні мектепте 5–11-сынып оқушылары мен педагогтар арасында «Ұлттық диктант» өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оқушылар мен ұстаздардың жазу сауаттылығын арттыру және тіл мәдениетін дамыту болып табылады.
Диктант екі санат бойынша өткізілді:
1. Қазақ тілін ана тілі ретінде меңгергендер үшін – Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» мақаласынан үзінді жазылды;
2. Қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгергендер үшін – «Отан» тақырыбындағы шағын шығарма ұсынылды.
Барлығы 50/45 оқушы (5–11-сыныптар) және 34 мұғалімнің 32-сі диктантқа қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Нәтижелері:
• Қатысушылар өздерінің жазу сауаттылығын тексеріп, тілдік білімдерін нығайтты;
• Мұғалімдер жазба жұмыстарын сараптап, қорытынды талдау жүргізді;
• Мұндай тілдік іс-шаралар алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табады.

Новости
Новость портала скоро появится, пожалуйста зайдите позже
Просмотров: 59





